Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олимп: Құмар ойынның басшысы түрмеде ауыр диагнозбен қайтыс болды

13:56, 24 шілде 2024 1254

Түрмеде «Олимп KZ» букмекерлік кеңсесі ісі бойынша сотталған Жәнібек Жауыров қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Адвокаттар Жауыровтың ауыр диагнозымен мерзімінен бұрын босатылуға құқығы бар екенін айтты. Алайда сот жүйесі бұл шешімді құптамады. 

Бірнеше күн бұрын Жәнібек Жауыровтың денсаулық жағдайына байланысты оны жансақтау бөліміне жібергені анықталды. Тұтқындалушы сол жерде қаза тапты.

2019 жылы құқық қорғау органдары лудоманияға қарсы күресіп, букмекерлік компаниялар қысымға ұшырады. Ең «кінәлілер» қатарына БК «Олимп», «Olimp KZ» ЖШС, «Alpha bet» ЖШС, «Onlybet» ЖШС кірді, ал бұл ұйымдардың 12 қызметкері мен құрылтайшылары айыпталды.

Жәнібек Жауыровты сот 8,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар