Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өлтіремін деген ойым болған жоқ" - Айзат Жұманованың күйеуі қылмысты мойындамады

13:36, 08 қаңтар 2026

Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Айбар Жанболат жарыссөз барысында соңғы сөзін айтты. Сотта ол марқұм жұбайын қасақана өлтіру ниеті болмағанын тағы да мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Айбар Жанболаттың айтуынша, болған оқиға абайсызда орын алған. Ол бұған дейінгі сот отырыстарында да өз кінәсін мойындамаған.

— Істеген ісім үшін жауапкершіліктен қашпаймын. Бірақ өлтіремін деген ойым да, ниетім де болған емес. Бұл — абайсызда болған жағдай. Мұсылман адамбыз, шайтанның арбауына еріп қалдық деп ойлаймын. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ. Қандай жаза берілсе де, толық өтеймін, — деді ол сотта.

Айыпталушының сөзінше, сол күні араларында тұрмыстық жанжал туындап, ол әйелін бет тұсынан шапалақпен ұрған. Айбар Жанболат жанжалға қызғаныш себеп болғанын алға тартты.

Айта кетейік, тергеу нұсқасына сәйкес, марқұм Айзат Жұмановаға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жүйелі түрде жасалған болуы мүмкін. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.

Сот отырысы жалғасуда. Үкім алдағы уақытта жарияланбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар