Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Олқылықты жою үшін нақты түзетулер дайындадық”: Асхат Аймағамбетов ел асыға күткен жаңалықты бөлісті

22:55, 23 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов міндетті медициналық тексеруден өтуге кететін уақытты жұмыс уақытына енгізу қажеттігін айтты, деп жазады Alash.kz.

“Кейбір қызметкерлер күн сайын ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуге міндетті.

Мысалы, шахтерлер, жүргізушілер, өндіріс жұмысшылары - олар жұмысқа кіріспес бұрын міндетті тексеруден өтеді. Бұл қауіпсіздік үшін дұрыс талап.

Бірақ мәселе басқа. Бір жерде бұл тексеру 5 минут қана алса, кей кәсіпорындарда адамдар 50–60 минутқа дейін кезекте тұрады.

Сұрақ: осы уақыт жұмыс уақытына кіре ме? Көп жағдайда кірмейді, әрі бұл уақыт төленбейді. Себебі заңдағы талап нақты айқындалмаған.

Яғни адам жұмысқа ертерек келеді, міндетті тексеруден өтеді, бірақ бұл уақыт барлық жерде бірдей есепке алынбайды.

Халықаралық тәжірибеде бәрі анық: міндетті медициналық тексеруге кеткен уақыт жұмыс уақыты болып саналады және міндетті түрде төленеді.

Сондықтан біз осы олқылықты жою үшін нақты түзетулер дайындадық. Есептеу тәртібі де, төлеу мәселесі де заң деңгейінде нақты айқындалып, ұжымдық келісімде реттелуі тиіс. Бұл - қарапайым еңбек адамының уақыты мен еңбегіне деген құрмет”,- деп жазды депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар