Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетіне депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Олжас Бектенов мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевпен кездескенін айтып, депутат қызметіне көңілі толғанын баяндады.
«Оның ауыл шаруашылығын дамыту, шекаралас елді мекендер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарды қолдау және басқа да бағыттар бойынша көптеген идеясы бар. Айдарбек Сейпілұлы (ауыл шаруашылығы министрі), депутатпен кездесіп, бәрін егжей-тегжейлі талқылап, маған нақты ұсыныстар енгізіңіз. Жалпы, депутаттық корпуспен тығыз жұмыс жасау керек», — деді ол үкімет отырысында.