Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астанада полицияға ұсталды

10:09, 09 шілде 2026

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, боксшы жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады Alash.kz

Полиция департаменті екі көліктің соқтығысқанын растады.

 

Жол апатына Toyota Land Cruiser жүрізушісі кінәлі болды.

«Ол оқиға орнынан қашып кетті. Бірақ шұғыл іздестіру шаралары барысында көлік анықталып, Достық көшесінде тоқтатылды. Рөлде мас күйдегі 35 жастағы ер адам болған» - дейді полицейлер.

Қазір полиция жүргізушінің жеке басын ресми түрде растаған жоқ. Егер медициналық сараптама оның алкогольдік мас күйде болғанын дәлелдесе, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Данияр Елеусинов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Биыл 13 наурызда ол 35 жасқа толды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар