Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүріп комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтар ұзақ уақыт өмір үшін күрестен кейін ауруханада көз жұмды, деп жазады Alash.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі Ербаянның өліміне қатысты мәлімдеме жасады.
"Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаянның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы науқастың өмірін сақтап қалу үшін күресті. Алайда алған аса ауыр жарақаттары салдарынан миында өзгерістер болып, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – делінген министрлік хабарламасында.
Ербаян Мұхтар әскери қызмет кезінде алған ауыр бас ми жарақаты салдарынан 2023 жылдан бері ауыр жағдайда болды.
“Ол ұзақ уақыт тұрақты вегетативтік күйде жатты. Интенсивті терапия, оның ішінде тыныс алуды қолдау шараларына қарамастан, сатурациясы төмендеп, жүрек соғысының бұзылуы және гемодинамикалық тұрақсыздық секілді өмірлік маңызды белгілер байқалған.
Медицина мамандары тарапынан барлық қажетті реанимациялық және емдік іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізілді,- деп түсіндірді министрлік.
Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, оны Түркия Республикасына емдеуге жібергені, онда алғашқы диагноз расталғаны атап өтілді.
Ведомство биыл маусымда негізгі ауру аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және бірнеше ағза мүшесінің жеткіліксіздігі синдромы пайда болғанын атап өтті.
"2026 жылдың 23 маусымында сағат 21:40-та науқастың биологиялық өлімі расталды. Өлімнің басты себебі ауыр бас миы жарақаты салдарынан өрбіген асқынулардан соң пайда болған ағзаның бірнеше мүшесінің жеткіліксіздігі синдромы болды", - делінген хабарламада.