Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі анықталуда”. Із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз өлі күйінде табылды

12:39, 08 маусым 2025 739

Бішкекте жоғалып кеткен 17 жастағы қыз өлі күйінде табылды. Бұл туралы Kaktus.media хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Бішкек қаласының Свердлов ауданының ІІБ қызметкерлері 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Б.Т.-ны іздестіру жұмыстарын аяқтады. Қыз 2025 жылғы 3 маусымда шамамен сағат 23:00-де Мичурин көшесіндегі үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Қыздың жоғалғаны туралы хабар түскен соң, қалалық милицияның жеке құрамы түгелдей іздеуге жұмылдырылды. Іздестіру туралы ақпарат барлық тиісті бөлімшелерге жолданды. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына ҚР ТЖМ қызметкерлері, ІІМ ЕҚҚК кинологтары және арнайы дрондар тартылды.

2025 жылғы 7 маусымда Б.Т.-ның мәйіті ТЖМ қызметкерлері тарапынан өлі күйінде табылды. Алғашқы тексеру кезінде денесінде көзге көрінетін жарақат белгілері анықталған жоқ.

Аталған факт Свердлов ауданы ІІБ-нің ақпаратты есепке алу журналына тіркелді. Қыздың нақты өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар