Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өле-өлгенше көмектесіп тұрды…»: Атыраудағы трагедияға қатысты жәбірленуші тарап уәждерін айтты (ВИДЕО)

15:12, 19 мамыр 2026

Атыраудағы трагедияға байланысты күдікті күйеу бала сот залында өз уәжін айтты. Бұл сөздерге жәбірленуші тарап қарсылығын жеткізді, деп жазады Alash.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сұлтан Сәрсемәлиев қылмысқа себеп «қайын жұртының өз отбасына жектен тыс араласуы, орта от салуы» деп айтты.

Алайда, марқұмдардың жақындары күдіктімен келіспейді.

Әдемі Мұқанғалиева:

 Мүмкін емес. Олар ондай адам емес. Отбасына араласу деген болған жоқ. Жағдайлары жақсы еді. Керісінше, өле-өлгенше көмектесіп тұрды. Қарсылық білдіріп, араласқан емес.

Асила Мұқанғалиева:

Ақбаянға жиі-жиі бара алмады. Себебі, «келме» деген сөз айтқан. «Келме! Кіргізбейміз!». Даладан жібереді. Ол - не масқара?! Енді келіп сотта қайын жұртын жамандайды. Ағам да, жеңгем де жуас адамдар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар