Париж олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметов жақсы жаңалық бөлісіп, сүйіншілерді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Биылғы жыл Қазақстан дзюдосы үшін табысты жыл болды. Париж Олимпиадасы мен Паралимпиададағы жетістіктер кешегі гран-придегі жеңістерге ұласты! Құтты болсын, Қазақ елі!
Жақсы жаңалыққа жанымыз жадырап отырғанда Ақорда жақтан да сүйінші хабар жетті. Мемлекет басшысы Париж Паралимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау туралы Жарлық шығарды. Меніңше, сый-құрметке лайық жандар – осы адамдар. Олардың өмірге деген құштарлығы бәрімізге – үлгі-өнеге. Өмірден орнын таппай жүрген, он екі мүшесі сау адамдар соларға қарап бой түзеуі керек, - деді спортшы.