Белгілі актер Алмат Сақатов сынға қалған Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Ол Мақпал Жүнісованы мықты адам деп атап, жұртты оны сөкпеуге шақырды.
“Мақпал Жүнісова туралы не айтасыз дейді. Не айта аламын?! Ол кісінің көтерген жүгін сен көтере алмайсың?! Ол кісінің көргенін сен көрген жоқсың. Қазақтың ерке қызы, еркелеп әңгіме айтқан шығар?! Біз сөгетіндей, оны талқылайтындай кімбіз?! Ертең дүниеден өтіп кетсе, мақтайсыңдар. Сондықтан да қандай адам болса да, өнерде үлкен орны бар. Қазақ деген кезде ішкен асын жерге қоятын мықты қазақтың қызы. Өте мықты адам”, – деді актер.
Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі Мақпал Жүнісованы мақтаса, енді бірі даттап жатыр, деп жазды kyn.kz.
«Дұрыс айтасыз, Мақпал апамызда ешкімнің жұмысы болмасын», «Мақпалдың жүрегінің тазалығын, кеңдігін екінің біріне бермеген», «Арақ ішіп алып неменеге жетісіп өзінің тәрбиесіз қылықтарын көрсетеді, жастарға үлгі-өнегесі сол ма?», «Мас әйелді мақтама» деген пікірлер қалдырған.