Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Оксфордтың Физика департаментінде қызмет ететін жалғыз қазақ баласы” - Депутат рекорд орнатқан жас ғалымды таныстырды

16:44, 05 қыркүйек 2025 416

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы талантты ғалым, Оксфорд университетінің постдокторанты Нұрсұлтан Мұсаханұлы мен оның әлемде теңдесі жоқ құрылғысын ел алдында таныстырды, деп мәлімдейді Alash.KZ.

Мәжіліс депутаты Facebook парақшасында Оксфордтың Физика департаментінде қызмет ететін жалғыз қазақ баласы туралы мақтана жазды.

Әлемдегі таңдаулы адамдарға ғана ұсынылатын Британияның “Ғаламдық талант” визасының иегері. Оксфордтағы Физика департаментінде қызмет жасап жүрген жалғыз қазақ азаматы. Ол -қасиетті Баянауыл топырағында қарапайым ғана отбасында дүниеге келіп тәрбиеленген бауырымыз Нұрсұлтан Мұсаханұлы.

Ғылым жолындағы үлкен ізденіс жолын алғаш Австралиядан бастап, күн энергетикасының атасы атанған Мартин Гриннің көзін көрген соңғы шәкірттерінің бірі болды. Бүгінде осы баламалы энергетика саласында терең ізденіп, жетілген заманауи құралдарды жасап шығаруда. Тіпті, күн сәулесінен энергия алатын құрал жасауда оның қуаттылығы тұрғысынан Оксфорд ғалымдарының арасында жаңа рекорд қоя білген. 

Нұрсұлтанның бірнеше ғылыми еңбектері, әлемнің ең көп сілтеме жасалатын, топ 10 журналында (Advanced Materials) жарияланған.

Мына менің қолымдағы алақандай құрылғы қазіргі уақытта қолданыста жүрген күнбатареяларынан әлдеқайда қуатты да тиімді саналады. Адамның бір тал шашынан 100 есе жұқа перовскид поликристалынан жасалады екен. Былайша айтқанда болашақтың технологиясы. Нұрсұлтан бауырымыз өз қолымен жасап, елге арқалап келген үлкен ғылыми жаңалығы мен тәжрибесі осы құрылғыда топтасқан. Бұл салада ізденісте осындай жетістікке жете қойған елімізде  әзірге өзге ғалым жоқтың қасы екенін атап өтуіміз керек.

Нұрсұлтан Мұсаханұлы ендігі кезекте жылдар бойы жинаған тәжрибесі мен білімін туған елге арнауға ниетті. Елдегі ғылыми институттарда жұмысын жалғастырып, өнеркәсіп саласында пайдаға асыруға мүдделі. 
Мұндай ғалымдарды қолдау, олардың зор потенциялын ел мүддесіне бағыттау бүгінгі ғылым мен технологиның заманында өте өзекті. Еліміздің энергетика саласына тың серпін берері анық.

Мәжіліс депутаты жас ғалымның еңбек жолында қолдау білдірген ел жанашырлары туралы сөз арасына қосты.

Тағы бір айта кетер дүние, Нұрсұлтан бауырымыз Оксфордқа қызметке шақырту алған уақытта түрлі бюрократиялық кедергілерге тап болды. Сол шақта әріптесіміз, Мәжіліс депутаты Askhat Aimagambetov  өте зор қолдау білдірген болатын. Осы тұрғыда “бұлақ көрсе көзін ашып” жүрген Асхат Қанатұлының азаматтығына, жанашырлығына ерекше тоқталып, алғыс айтқым келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар