Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өгей қызға өшпенділік көрсетті. Полицейлер жантүршігерлік оқиғаға қатысты түсініктеме берді

09:24, 05 сәуір 2024 787

Шымкент қалалық ІІД жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан, қоғамда резонанс тудырған видеоға қатысты пікір білдірді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші-  әйелдің бірінші некедегі кәмелетке толмаған қызы. Қазір ол әкесінің қамқорлығында.

Неліктен анасы баласына сонша қатыгездік көрсеткенін полицейлер айтқан жоқ. Белгілі болғаны, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Бұл іс Шымкент қалалық ІІБ бастығының бақылауында», - деп жауап берді Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі «Отырар» телеарнасы редакциясының сауалына.

Бұған дейін «Отырар» телекомпаниясының редакциясына осы видео жіберілген болатын. Кадрда: қолына пышақ ұстаған әйел жасөспірімге қарай жылдам басып келеді. Содан кейін әйел қыздың бетіне пышақ тақайды.

Жәбірленуші өзін-өзі қорғайды, қатты жылай бастайды. Қыздың бұл әрекеті әйелді одан бетер ашуландырған көрінеді. Ол жасөспірімді бірнеше шапалақпен ұрып, басынан соға бастайды. Бұл кезде жәбірленуші қарсы тұруға тырысады, бірақ бетіне бірнеше соққы тиеді.

Содан кейін әйел оны футболкасынан ұстап, жұдырықпен ұрады. Бетінен теуіп, басынан қоқыс жәшігімен ұрады. Жантүршігерлік оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар