19 тамызда Алматы әуежайында FlyArystan ұшағына жолаушылардың кешігуі салдарынан болған жанжалдың екінші қатысушысы қамауға алынды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы NUR.kz порталына сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаменті төбелеске екінші қатысушы 55 жастағы ер адам екенін айтты. Ол қамауға алынды.
"Қазіргі уақытта, 19 тамызда Алматы халықаралық әуежайында болған оқиғаға байланысты көлік полициясының қызметкерлері төбелеске екінші қатысушы 55 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Сондай-ақ оған қатысты ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті өкілдері.