Журналист Руслан Өтепбай 6-қабаттан құлап қаза тапқан Ажар атты келіншекке қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Ажар Тәуекелқызы екі жыл бұрын Надырбек есімді сыныптасына тұрмысқа шыққан. Екі жас Қарасай ауданындағы Райымбек ауылындағы мектептің түлегі. Надырбек Қарақалпақстан Республикасынан қоныс аударыпты. Алайда біздің елдің азаматтығын алмаған.
Ерлі-зайыпты отау құрған соң бірнеше ай Ақтау қаласында тұрады. Күндердің бір күнінде күйеуі келіншекке қол көтеріп, қылқындырады. Оны Ажардың анасы естіп, қызын дереу Алматыға алдыртыпты. Ең сорақасы ана мен қыз болған жағдайды әкесіне айтпаған. Ажардың әкесі бұл сұмдықты қызы о дүниелік болған соң ғана естіген.
Сол жағдайдан кейін күйеубала Ақтаудан Алматыға көшіп, Ажармен қайта татуласып, «Асыл Арманда» тұрып жатқан.
Ажар мен Надырбектің бір ұлы бар. Алайда Надырбектің азаматтығы болмаған соң, ол бала Ажардың әкесі Тәуекелдің атына жазылған. Ажардан қалған жалғыз ұл қазір нағашы ата-апасымен тұрып жатыр… “,- деп жазды ол.