Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұртас Адамбайға желіде Құран үзінділерін жариялағаны үшін айыппұл салынды

13:36, 26 қыркүйек 2024 265

Астана сотының танымал актер Нұртас Адамбайға Instagram желісінде Құраннан үзінді келтіргені үшін айыппұл салғаны хабарланды. Актерды тамызда оны дін істері басқармасы сотқа берген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Актерды тамыз айында дін істері басқармасының сотқа бергені жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

"Астана қаласының дін істері басқармасы Instagram парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін мені сотқа берді. Шынымды айтсам, біздің елде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім", – деп жазды ол.

Ол әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ актер мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны сотқа шақыруды сұрады.

"Нұртас Адамбай  сотта жеңіліп қалды. Тамыздың аяғында бұл белгілі болды. Бұрынғы КВН мүшесі және актер діни материалдарды таратқаны үшін желіде Құран сүрелерін/аяттарын келтіргені үшін 184 600 теңге айыппұл төледі. Бұл тек заңда көрсетілген жерлерде ғана жасалуы тиіс. Сондай-ақ ол мәдениет және ақпарат министрін, яғни Аида Балаеваны, тым болмаса оның орынбасарын сотқа шақыруды өтінді, бірақ оған бас тартылды", – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?