Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Алатауда таңғы бизнес-саяхат өткізді. Кездесу SM’s 5AM клубының мүшелерімен неформалды нетворкинг форматында ұйымдастырылды, деп жазады Alash.KZ.
SPARK OF LIGHT («Өмір жалыны») бастамасын таныстырып, бұл жобаның саясатқа емес, руханилыққа арналғанын атап өтті. Шара кезінде ол махаббатты «Құдайдың вибрациясы» ретінде сипаттап, саналы ойлау мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығын жеткізді..
Іс-шара таңғы 5:45-те «Медеу» мұз айдыны маңындағы субұрқақ жанында басталды.
Ағартушылық жолына шамамен 40 адам жиналған. Он минуттан соң топ «денсаулық баспалдағы» арқылы Горельник термалды бұлақтарына қарай бет алған.
25 ақпан таңындағы ауа райы қатысушыларды тоқтатпады. Бағдарламада толық дене жаттығулары, өзенге шомылу, сондай-ақ Нұралы Әлиевтің қатысуымен бизнес-таңғы ас және халықаралық кәсіпкерлермен жүздесу қарастырылған.
Қатысушылар арасында шоу-бизнес өкілдері, кәсіпкерлер, блогерлер мен журналистер болған.
Жаттығу мен су рәсімдерінен кейін қонақтар ланчқа шақырылған.
Негізгі үстелге қызыл кілем төселген. Үстел сегіз адамға арналып жабдықталған, ортасында Нұралы Әлиев отырған. Қалған қонақтар қарсы беттегі үстелдерге жайғасқан.
Дастарқанға салат, шай, лимон және шұжықтар қойылған.
Журналистерді ішке кіргізбеген. Миллиардерді жеке күзеті үнемі бақылап жүрген.
Шай құйылғаннан кейін Нұралы Әлиев ағарту, «матрицадан шығу» туралы айта бастаған. Оның сөзінше, мұндай ерекше күйге тыныс алу жаттығулары арқылы жетуге болады.
«Ішпен тыныстау арқылы тепе-теңдікке келуді көрсетемін. Бұлшық еттерді босаңсытып, ішпен баяу дем аламыз. Демді ішке тартып, сыртқа шығарамыз. Кейін жүрек тепе-теңдігіне көшеміз. Рахмет», – деген ол.
Музыка ырғағымен тыныс алу тәсілін көрсеткен.
Әлиевтің айтуынша, жоба – саясаттан тыс рухани қауымдастық. Мақсаты – әлемдік деңгейде қатысу.
«Біздің қағидаттарымыз: адам – тәнге еніп, оны жандандыратын жан. Біз тек физикалық дене емеспіз. Барлығы менталдық денсаулықтан басталады. Болашақта ЖИ-ға негізделген қосымша жасаймыз. Ол адамның жағдайына талдау жасап, бағыт-бағдар береді. Дене – біздің қабылдағышымыз. Ойлар бекер келмейді. Бұл – ғаламға жіберілетін энергия», – деді ол.
Оның айтуынша, жоба мектеп пен университетте оқытылмайтын білімді насихаттау және біріктіруге бағытталған.
Экс-президенттің жиені өзінің саясаттан алшақ екенін айтты.