Нұрлан имам мешітке су жаңа авто көлік сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы “Рыскелді қажы” мешітінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімделді.
Рамазан айының құрметіне “Рыскелді қажы” мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлына демеушілер су жаңа автокөлікті сыйға тартты. Өзіне сыйлаған көлігін Нұрлан имам мешітке табыстады. 30 жыл дін жолында қызметте жүрген, қазіргі уақытта осы мешіттің найб имамы Алпысбаев Рашитке су жаңа автокөліктің кілтін табыстады”,- деп жазылды постта.