Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz.
Аталған құжатқа сәйкес, бұл марапат отандық әдебиет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар қайраткерлерге берілді.
Мемлекеттік қолдау шарасы шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің еңбегін ынталандыруға және Қазақстанның мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған.
Стипендия иегерлерінің қатарында Олжас Сүлейменов, Жандарбек Мәлібекұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды елге танымал ақын-жазушылар, театр және кино майталмандары, сондай-ақ өнер жолындағы өзге де тұлғалар бар.