Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылдан бері түрлі жамандық жасап жүр" - Маңғыстау әкіміне қатысты Наурызова тағы мәлімдеме жасады

21:52, 24 қыркүйек 2026
 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан ұл тудым деген жергілікті мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова желіде тағы да мәлімдеме жасап, біраз шындықты жайып салыпты, деп жазады Alash.KZ 

Оның айтуынша, жалғыз басты әйел көп қысым көрген, Қилыбайдың адамдары тыныштық бермей, жылдар бойы мазалаған көрінеді.

"Қанша жылдар бойы әкімнің жалдаған адамдарымен жағаласып өмірім тозақ болды. Тіпті тынышыма да жүргізбейді. Бірақ бәрін дәлелдеп берсем де, мені ешкім түсінбейді, естімейді. Бәрінің айтатыны әкімнің аяғынан шалып, артынан жүгіріп жүр дейді. Бірақ шындық олай емес қой.

Сол әкім Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылдан бері түрлі жамандық жасап жүр. Аңду, қорқыту, буллинг, сталкинг, соттағы заңсыздықтар. Шарасыздықтан түрлі видео үндеулерде жолдадым. Ол кезде де халық мысқылдап күліп, мазақ қылып пікір жазады. Ал үкімет үнсіз. Неге бұл қыз осылай шырылдап жүр деп түсініп қолдауға тырысқан адамдар өте аз. Барлығы тек әкім Нұрдәулеттің әдемі видеоларына қол соғып әлек.

Егер ол әкім сондай керемет адам болса өз баласынан бас тартып, араласпай, көрмей жүре ма?! Оны ойлап жатырған адам жоқ. Мен осы күнге дейін фактпен айтып шығарып жүрмін. Жылдар бойы күресіп қатты шаршадым. Үкімет назар аударып көмектесуі үшін менің өлгенімді күтіп жүр ме, түсінбедім", деп жазды ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар