Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрай Серікбайдың өлімі: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

09:28, 05 ақпан 2026

Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікке ілінген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша қайта сараланды, деп жазады Alash.KZ.

АДВОКАТТЫҢ ПІКІРІ

Істің қайта сараланғанын марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім тергеудің әділ әрі жан-жақты жүргізілуіне жол ашады.

— Жақында Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып тағайындалған Е. Ережеповке және тергеу басқармасының басшысы Ж. Құлмаханға алғыс айтамын. Енді бұл іс толық әрі әділ тергеледі деп сенеміз, — деп жазды адвокат Threads әлеуметтік желісінде.

МӘН-ЖАЙ

Еске сала кетейік, Нұрай Серікбай 11 қаңтар күні Шымкент қаласында қаза тапқан. Марқұмның жақындарының айтуынша, ол өзіне көңіл білдіріп жүрген жігітке тұрмысқа шығудан бас тартқан. Күдікті бұған дейін қызды алып қашқан. Ал сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс Нұрайдың өлімінен кейін ғана қозғалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар