Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нүкенованы тыныш жерге апарып, өлтіріп тастайтын еді ғой?" - Ерлан Ғазымжанов

12:06, 03 мамыр 2024 662

Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша сот отырысында бүгін жарыссөз басталды, деп хабарлайды alash.kz сайты.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов "қасақана" ұғымы соққылардың санымен немесе олардың салдарымен анықталмайды деп түсіндірді.

"Нүкенованың өлімінен Бишімбаевқа не пайда? Оған не керек? Айыптау актінде бұған бірде-бір жауап келтірілмеген. Өлтіргісі келді дейді, бірақ не үшін екенін прокурор түсіндірген жоқ. Бәрі  "нарцисс", "агрессор" деген сөздермен айыптап жатыр", – деді адвокат.

Оның айтуынша, күдікті егер қасақана өлтіргісі келсе, басқа әдісті қолданар еді.

"Бишімбаев өз қолымен кісі өлтіргісі келді делік, онда қаруын алдын ала дайындап, Нүкенованы тыныш жерге апарып, өлтіріп тастайтын еді ғой?", – деп қосты Ғазымжанов.

Адвокат Бишімбаев концертте немесе одан кейін әйелін ұрып-соққанда оны өлтіргісі келді деген нұсқаны күлкілі деп атады.

"Олай болса, ол кісі өлімін созып, таң атқанша арақатынастарын шешіп отырмас еді. Одан да оны қаладан алып шығып, өлтіріп, далаға көміп тастамай ма?”, – дейді Ерлан Ғазымжанов.

Ғазымжановтың осы сөзінен кейін судья үзіліс жариялады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар