Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Новичокты" таппады: "Уланып қалған болуым мүмкін" деген Бапидің хәлі қалай?

09:10, 23 тамыз 2024 467

"Улануы мүмкін" деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

Қазақстандық саясаткер Болат Әбілов депутатпен отырған видео жариялап, оның жағдайын сұрады. 

 

"Бүгін жақында Германиядан тексеріліп келген депутат Ермұрат Бапимен сөйлестік. Берлиндегі "Шарите" клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан "Новичокты" (улайтын зат) таппады. Оның улануы мүмкін екені туралы қауесеттер расталмады", - дейді Болат Әбілов.  

Ал депутаттың өзі денсаулығы жақсы екенін, Германияда диагноз анықталғандықтан емделуге баратынын айтады.

Еске салайық, шілденің басында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалған болатын. Депутат улану мен уландыруға қатысты күдік барын айтқан еді. 

Депутат "кімнен күдіктенеді?" деген сұраққа жауап бере алмады. 

"Қалай жауап беретінімді де білмеймін. Жұмысымның ерекшелігіне байланысты шай үстінде көп адаммен кездесуге тура келеді. Ешкімнің атын атай алмаймын", - деді Ермұрат Бапи.

Артынша Бапи денсаулығына байланысты Еуропаға жол жүргелі жатқаны белгілі болды.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар