Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нипах вирусын жұқтырмау үшін адам не істеу керек? – маман кеңесі

10:39, 05 ақпан 2026

Нипах – аса қауіпті инфекция, емі әлі табылмаған. Вирустың ошағы – Малайзия, Үндістан, Бангладеш. Нипах ауа арқылы таралмайды, көбіне дене арқылы байланысқа түскенде жұғады. Негізгі резервуары – жарқанат, деп жазады Alash.KZ. 

"Жарқанаттың сілекейі, сұйықтығы жеміс-жидекке тиіп, оны дұрыс жумай пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Бастысы жеке гигиенаны сақтау керек", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев.

Нипах вирусын жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, әлсіреп, басы ауырады. 3-4 күнде ұмытшақтық пайда болып, тіпті сандырақтайды, өкпесі қабынады, дейді мамандар.

Айтуынша, әсіресе шетелде саяхаттап жүргенде көше тағамын жеуден аулақ болу керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар