Мемлекеттік кірістер комитеті қосымша құн салығы бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде ескерілетін негізгі мәселелерді түсіндіреді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
"ҚҚС төлеушілер Арнаулы салық режимдеріне (АСР) көшу кезінде
МКД ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде ескерілетін негізгі мәселелерді түсіндіреді.
ҚҚС бойынша есептен қашан шығарылады
Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару тек мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1. жалпыға бірдей белгіленген режимнен АСР-ге көшу;
2. қызметін тоқтату немесе тарату.
АСР-ге көшу кезінде
Салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде ҚҚС бойынша таратушы (ликвидациялық) салық есептілігін ұсынады.
ҚҚС бойынша есептен шығару күні
Есептен шығару АСР қолдану басталған күннен бастап жүргізіледі.
Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеушілер үшін бұл күн — қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн болып табылады.
Мысал
Егер хабарлама 2026 жылғы 5 қаңтарда берілсе, онда:
• ҚҚС бойынша есептен шығару күні — 2026 жылғы 5 қаңтар;
• ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2026 жылдың 1 тоқсаны үшін тапсырылады.
Тауар қалдықтары және ҚҚС
• Бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауар қалдықтары салық салынатын айналым болып танылады;
• Айналым тауарлардың баланстық құны бойынша айқындалады (қайта бағалау мен құнсыздандыруды есепке алмағанда);
• Тауар қалдықтары бойынша Салық кодексінің 205-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күнге салық тіркелімі жасалады;
• ҚҚС мөлшерлемесі айналым жасалған күніне қолданылады (ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күн).
Маңызды: салық салу күні мен ҚҚС мөлшерлемесін айқындау кезінде АСР қолдану басталған күн шешуші мәнге ие.
Өтпелі ережелер (2026 жылға дейін АСР қолданғандар үшін)
Алдыңғы АСР-лердің (шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР-ді қоспағанда) қолданылуы тоқтатылуына байланысты мынадай өтпелі нормалар көзделген:
• 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беріп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшуге болады;
• ҚҚС бойынша есептен шығару — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап;
• ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсырылады;
• Тауар қалдықтары 31.12.2025 жағдай бойынша айқындалып, 12% мөлшерлеме бойынша салық салынады", - делінген хабарламада.