Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Некесіз бала менікі емес, басқа әншінікі боп шықты; Бейбіт Қорған бар шындықты жайып салды

14:32, 24 ақпан 2025 826

Белгілі әнші Бейбіт Қорған бірнеше ай бұрын шыққан қауесетке нүкте қойды. Ол өзінің некесіз баласының жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы «Әйгерім Сейфолламен сырласу» бағдарламасында баяндады.

«Оқиғаны біліп алмай көпіріп сөйлей беретіндерге таңғаламын. Бұл оқиғадан соң қызым мен ұлымның мектебінде саусағын шошайтып, соққы көрсеткендер болды. Қазір халыққа айтарым, әр нәрсеге сене бермеңіздер. Қасымда жүрген бауырларымның өзі «Бейбіт, шынымен сен осындайсың ба?» деп көңілі қалғандар болды. Ал мен ДНҚ сынамасын тапсырдым, нәтижесін көрдім, түбінде оған мен емес, басқа әншінің қатысы бар болып шықты», - дейді әнші.

Ол ДНҚ нәтижесі мені көрсеткен болса, халыққа өзім-ақ таныстырар едім дейді.

«Егер ол бала менің балам болса, халықтың алдына шығып, мойындап, менің балам екенін айтар едім. Көмектесер едім», - дейді өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар