Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Некені сақтап қалдық: Әйелін аяусыз ұрған боксшы жұбайымен үндеу жасады

10:39, 13 шілде 2026

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов пен жұбайы әлеуметтік желіде бірлескен бейнеүндеу жариялап, олардың отбасына қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ALASH.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Спортшы олардың арасында тұрмыстық кикілжің болғанын жоққа шығармады. Дегенмен, ерлі-зайыпты болған жайтты өзара талқылап, некелерін сақтап қалуға келіскендерін айтты.

«Бұл үндеуді бірге жасауды дұрыс көрдік. Өйткені соңғы уақытта отбасымызға қатысты түрлі әңгімелер мен қауесеттер көбейді. Иә, арамызда түсініспеушілік болды. Біз бәрін ақылдасып, тиісті қорытынды шығардық. Соның нәтижесінде отбасымызды сақтап қалуға ортақ шешім қабылдадық. Жеке өмірімізге және қабылдаған шешімімізге құрметпен қарауларыңызды сұраймыз», – деді Теміртас Жүсіпов.

Ал боксшының жұбайы құқық қорғау органдарына берген арызын кері қайтарып алу және қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішті ешқандай қысымсыз, өз еркімен қабылдағанын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар