Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Жамбыл облысының Меркі ауданында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты арнау өлең оқып, еліміздегі қыз балалардың қауіпсіздігі мен тағдырына терең алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақын өз шығармасында қыз баланың қауіпсіздігіне бүкіл қоғам болып жауапкершілікпен қарау қажеттігін баса айтты. Арнау өлеңді орындау барысында ол ішкі толқынысы мен эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды.
Ішке сыймай, запыран толған зарым.
Домбырамды қолға алып, толғанамын.
Барни үшін өлтіріп, бір аруды,
Неге сонша қатыгез болғандарың?
12 де 1 гүлі ашылмастан,
Қаншама қыз қапыда қор болғанын
Қаншама қыз намыстан жанын қиып,
Қаншама қыз өзіңмен өлді арманың.
Қарындастың ары үшін жанын берген,
Қайда кетті Қайраттай қорғандарың?
Интернеттен көреміз ашқан сайын
Қорланғанын, қыздардың зорланғанын.
Мұны ойласам, жасаурап жүз-жанарым.
Көрсеңдер ғой жанымның сыздағанын.
Сенде сонда қарындас-әпке жоқ па?
Ұрпағы едік қыз сыйлар біз бабаның.
Дәл мынадай бармайды айуандыққа
Тағысы да қатыгез түз даланың.
Өз басы қайқаң қағып жүргендерді
Көз жасы жібермейді қыз баланың…