Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Неге асықтың": Қымбат Досжан марқұм Үсіпхан Сейтімбетке жан тебірентерлік жазба арнады

13:47, 13 қыркүйек 2024 3799

Белгілі тележурналист Қымбат Досжан 60-тан асқан шағында дүниеден озған Үсіпхан Сейтімбетті еске алып, жазба арнады, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

“Қош, Үсіпхан! Курсымыздың ең жайдарлы, жүрегі ақ, пейілі кең ақеділ азаматы едің. Пластика, ритм, музыкалық қабілетің бәрі-бәрі бір өзіңнен табылған талант едің. Ритмикадан емтихан тапсырғанымыз есіме түсіп отыр. Бос шыны бөтелкенің әрқайсына суды мөлшерлеп тұрып құйып, алюминий шанышқы, қасықпен ұра отырып, мен дирижерлік еткен “Смуглянка” әнін ансамбльмен тамаша  сүйемелдеп едің. Ұрмалы аспаптарды ұрғылағанда тіпті жанатынсың. Неге асықтың?",– деп жазды журналист.

Сонымен қатар үзеңгілес болған достарына қазаға ортақ екенін жеткізді. 

“Қымбатты менің курстастарым! Профессорлар: Асқар Тоқпанов, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Тілектес Мейрамовтың шәкірттері, баршаңызға қайғырып көңіл айтамын. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов театрларының ұжымына, Үсіпханның жары, курстасым, театр актрисасы Гүлнар Сейтімбетоваға, ұл-қызына, туған жақындарына көңіл айтамын. Алла панасына алсын Үсіпхан бауырымды", – деп мұңайды диктор. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар