Көптен бері көрінбей кеткен әнші Кәмшат Жолдыбаева желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп жазады Alash.kz.
Декреттік демалыста отырған өнер иесі сахнаға қашан оралатынын айтты.
«Жаңа ән туралы әлсін-әлсін ойланып қоямын. Тіпті тапсырыс беріп қойғандай да болдым. Дегенмен өмірлік жолым мені сахнаға әзір асықтырмайтын сияқты. Не істейін? Тек қабылдайын. Тек қуанайын. Бұл өмір сахнадан басқа да қызықтарға толы», - деп жазды әнші.
Сондай-ақ әнші күйеуі, актер Ғазрет Ержановпен қалай танысқанын айтты.
«Барлығы сол сериалдан басталды ғой», - деп жазды әнші.