Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзова әйгілі Кешью тобының тарихында болған оқиға туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Топтың құрамында болған Ақбота Сейтмағанбет пен актер Дәурен Айдарқұловтың махаббат оқиғасы өнер жолына қалай әсер еткені жайында сөз қозғады:
Бота келіп тұр. Бір бұрышқа тығылып тұрды. Жанында Дәурен бар. «Сәлем, Дәурен!» дедім. Күрсініп, сәлем берді. «Енді, не істейміз? Ақша құйылып қойған. Кешью жұмыс істемей тұр…» дедім. «Мен бәрін түсінемін» деді. «Дәурен сен 40 жастасың. Ол 18-де. Сен немен ойландың? Не істеп қойдың? Бұл - менің тобым. Сен не бүлдіргенің туралы ойландың ба? Мен Ақботадан сұрағым да келмейді. Ол не істегенін өзі түсінбейді. Ол әлі бала!» дедім. Дәурен «Шынымды айтайын ба» деді. «Басым айналып қалды…». Мен «Енді не істей аламыз» деп сұрадым. Дәурен «Төлейміз» деді. Бұл Кешью-дағы келісім шарт бұзылып, ақша қайтарылған жалғыз жағдай еді.