Танымал әнші Бүркіт соңғы уақытта адамдардың мінез-құлқындағы өзгерістерге алаңдаушылық білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Өнер иесінің айтуынша, қоғамда ашушаңдық пен шыдамсыздық көбейіп, адамдар бір-біріне деген құрметті жоғалта бастаған.
Әншінің сөзінше, бұл құбылыс тіпті қарапайым тұрмыстық жағдайларда да айқын байқалады. Ол жеке тәжірибесінен мысал келтіріп, жол үстіндегі жағдайды айтып өтті.
«Қазір көлігіңді тұраққа қойып жатқан сәттің өзінде 10–15 секунд күте алмай, қатты сигнал беріп, адамды шошытады. Бірдеңе болып қалды ма екен деп қарасаң, артынан түрлі балағат сөз айтып, жауындай қарайды», – деді Бүркіт.
Өнер иесі мұндай әрекеттер қоғамдағы өзара түсіністікке кері әсер ететінін атап өтті. Ол адамдарды сабыр сақтауға, бір-біріне төзімді әрі құрметпен қарауға шақырды.
«Бір-бірімізге сәл шыдамдылық танытып, сабырлы болып, мейірімді болайық. Құрмет көрсетейік», – деп түйіндеді әнші.