Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевтың Ердоғанмен бірге түскен видеосы пайда болды

11 наурыз 2022 131
 



Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы Анадолы дипломатиялық форумына қатысып жатыр.

Оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында форумнан фото және видео бөлісті.

Бейнежазбалардың бірінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен қызу әігіме кезінде бір-бірімен әзілдесіп тұр.

Еске салсақ, Түркия тарапының арағайын болуымен Анталия қаласында өткен Украина – Ресей СІМ басшыларының келіссөзі 90 минутқа созылып, нәтижесіз аяқталды.
«Украина Мариупольден және Мариупольге гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, азаматтардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір тәулікке соғыс қимылдарын тоқтатуды ұсынды. Ресей бұған келіспеді, Украина келіссөздерді жалғастыруға дайын. Бүгін Ресей тарапынан Украина Путиннің талаптарын орындаса, оқ ату тоқтайтыны туралы сыбыс шықты. Украина берілмейді. Біз дипломатиялық шешім іздейміз, қалған жағдайда өз азаматтарымызды агрессиядан қорғаймыз», – деді Украина СІМ басшысы Кулеба.

Ресей СІМ басшысы Лавров Беларусь жеріндегі соңғы келіссөздер кезінде Украина өкілдеріне құжаттар тапсырғанын айтып, бүгінгі келіссөздерден ешқандай нәтиже күтпегенін жеткізді.
«Кулеба мырза әскери әрекеттерді тоқтатуға қол жеткізе алмағанымыз туралы айтты. Әрине, біз мұнда әскери әрекеттерді тоқтатуды көздеп келген жоқпыз», – деді ол.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?