Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевтың мүлкіне қатысты шағым: Жоғары сот Астана тұрғынының арызын қанағаттандырмады

12:59, 31 шілде 2024 610

Жоғарғы сот Астана тұрғыны Қайыргелді Смағұловтың экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы “мүлкін мемлекет пайдасына өндіру” туралы арызын қараудан бас тартты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Арызданушы өз шағымында жауапкерді мемлекет басшысы лауазымын атқара отырып, "іс-әрекеттері арқылы бүкіл адамзаттың өміріне қауіп төндірді" деп айыптаған. Бұған дейін мамыр-маусым айларында бірінші және екінші инстанция соттары да азаматтың арызын қанағаттандырмаған.

"Арызда талапкер соттар іс жүргізу заңнамасын бұзды деген негізде сот актілерін қайта қарауды сұрайды. Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді", – делінген жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысында.

Бұған дейінгі соттар шешімдерінде "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" заңға сілтеме жасап, оған сәйкес Назарбаевты президент ретіндегі өкілеттіктерін орындауға байланысты әрекеттері үшін жазалауға болмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар