Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

13:56, 17 қаңтар 2025 177

Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
 

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті. Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр,


– делінген әкімдік хабарламасында.
 
Араб компаниясымен 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар