Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Наурыз – харам. Тойлауға болмайды»: Желіде резнонансты мәлімдеме жасаған блогер ұсталды (ВИДЕО)

12:55, 27 наурыз 2026

Алматы облысының құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде ұлттық мерекеге қатысты даулы мәлімдеме жасаған 35 жастағы азаматты құрықтады, деп жазады Alash.kz.

TikTok платформасында жарияланған бейнежазбада автор Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салу керектігін айтып, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бейнеролик авторы өз мәлімдемесінде Наурыз мерекесінің тарихи негіздеріне күмән келтіріп, оны қазақ халқының немесе ислам дінінің құндылықтарына жатпайтынын алға тартқан. Оның пайымдауынша, бұл дәстүр тек зороастризм мәдениетіне тән, сондықтан жергілікті мұсылман қауымы үшін жат құбылыс деп танылуы тиіс. Сондай-ақ ол діни сенім бойынша тек Ораза айт пен Құрбан айтты ғана мерекелеу қажеттігін айтып, үндеу тастаған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бейнежазба иесін анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ведомство өкілдері бұл әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі туралы ескертіп, жарияланған материалда діни алауыздықты қоздыру нышандары бар екенін мәлімдеді. Бұл бап бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол тиісті жазаға тартылатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар