Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Нәсіп жеңгеміздің чатқа жіберген аудиосы бар…”: Атыраудағы трагедия жайлы тың дерек шықты

10:02, 12 қаңтар 2026

Журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында Атырау облысындағы трагедияға қатысты жаңа дерек жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Қаралы отбасы мына жауыздықтан естерін жия алмай жатыр. Жангелдин халқы үрейде отыр. Ағайын-туыс қаскөй қылмыскерді тезірек құрықтауды талап етеді. "Марқұмдар сарайдан қалай табылды? Оған дейін тінту жүргізілді ғой" деген сұрақпен мыңдаған адам мазалады. Оқиға басталғалы басы-қасында жүрген, марқұм Мақсот ағамыздың інісі Шалқар біраз сауалдарыма жауап берді. Өте ауыр жағдай. Бірақ қоғамның трагедиясы болғандықтан айтылуы, жазылуы керек. Қазалы отбасының туыстарына қандай жұбату сөз айтарыңды да білмейсің?!" – деп жазды Жанат Молдашова.

Журналист Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасқан видеосы жариялады.

"Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. Күдік тудырмас үшін... Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр... Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар