Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нақты мәлімет жоқ". Ақтауда тежегіші істемей қалған жүк көлігінен ер адам секіріп кетті

10:03, 17 мамыр 2025 93

Ақтауда FAW жүк көлігі жолдан шығып кетіп, жүргізушісі жарақат алды. Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған. Бұл туралы ALASH.KZ порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы 12 мамыр күні сағат 16:40 шамасында 15-шағынауданда болған. Жүк көлігі FAW төменге түсіп келе жатып, тежегіші істемей, теңіз жағалауына жеткенде жолдан шығып кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көліктің жолдан шығып, қатты жылдамдықпен төмен қарай ұшып түскені анық көрінеді. Қауіпті апат абайсыздықтың салдары болғаны байқалады.

Видео авторының сөзіне сенсек, жүк көлігінің тежегіші істемей қалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Ол түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды. Жағдайы жайлы нақты мәлімет берілмегенімен, өміріне қауіп жоқ.

«Аталған жағдайға байланысты жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 620-бабы бойынша (Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар