Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Намыстанып оқыдым»: Қанат Шарлапаев қазақ тілін қалай үйренгені туралы айтты (ВИДЕО)

16:02, 12 наурыз 2026

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев алғаш рет қазақ тілінде кең көлемді сұхбат беріп, тіл үйренудегі тәжірибесімен бөлісті, деп жазады Alash.kz. 

Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында палата басшысы мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер үшін ана тілін білудің маңыздылығына тоқталды.

Бұған дейін министр қызметін атқарған тұста журналистерге берген уәдесін орындаған шенеунік қазіргі уақытта қазақша еркін сөйлей бастаған. 2023 жылы ол тілді 18 ай ішінде меңгеруге міндеттеме алып, бұрынғы олқылықтарын өзінің өзге елде туып-өскендігімен түсіндірген болатын. Бағдарлама барысында жүргізуші оның тілдік деңгейінің айтарлықтай ілгерілегенін атап өтті.

Ұлттық палата басшысы тіл үйрену процесінің оңай болмағанын және бұл бағыттағы жұмысты әлі де жалғастыратынын жеткізді.

«Қазақ тілінде алғаш рет сұхбат беріп отырмын. Әлі де көп жұмыс істеу керек, тілді әрі қарай жетілдіру қажет. Біздің аудиториямыз өзгерді. Қазір кәсіпкерлердің де, мемлекеттік қызметкерлердің де басым бөлігі – қазақ тілінде сөйлейтін адамдар. Өз ойыңды жеткізу үшін, әрине, қазақша сөйлей білу керек. Шынын айтсам, тілді үйрену үшін екі нәрсе қажет: ұмтылу мен уақыт. Бір кезде журналистер мені сынап, қазақ тілін білмейді деп айтқан еді. Соған ұялдым да, тіл үйрене бастадым. Намыстанып оқыдым. Үйрететін адам керек, уақыт керек. Содан кейін қазақша сөйлесуге тырысу қажет», — деді Қанат Шарлапаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар