Олимпиада чемпионы Елдос Сметов су жаңа көлігін ең алғашқы бапкеріне сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Тараз 24 арнасының мәлімдемесіне сүйенсек, бүгін Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жері Т.Рысқұлов ауданына барды.
Халық чемпионын бар сән-салтанатымен күтіп алды. Жылы лебіздерін білдіріп, ел үшін тарихи жеңісімен құттықтады.
Туған жеріне барған чемпион көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады.
– Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз, – деген Елдос Сметов ұстазына аудан әкімдігі сыйлаған “Хавал” көлігін тарту етті.