Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мысықты бөлшектеп, мұздатқышқа салып қойған: Риддердегі сұмдық жағдай жұрттың үрейін туғызды (ВИДЕО)

13:39, 30 шілде 2025 681

Шығыс Қазақстан тұрғындары мен жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін есеңгіреп қалды. Бір қыз баланың мысықты мұздатқышқа қойып, кейіннен алған видеосы жұртты шошытты, деп Alash.kz ұлттық порталы Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл – нағыз сұмдық. Оның психикалық жағдайы дұрыс емес сияқты – мысықтарды бөлшектеп, мұздатып жүр. Ертең не болады – балалардың жағдайы не болмақ? Бұл жағдайды үнсіз қалдыруға болмайды. Бұл қызды танитындар бар болса, міндетті түрде хабарласыңыздар!" – делінген қыздың Telegram парақшасынан алынған видеоның сипаттамасында.

Желі қолданушылары видеодағы қыздың Риддер қаласының тұрғыны екенін таныған. Бір әйел бұл қыздың өлі жануарларды жинап, олардан тұлып жасауға тырысатынын, яғни бұл әрекет жануарларға қорлық көрсету емес, таксидермияға ұқсайтынын жазған.

Алайда белгілі болғандай, қыздың Telegram арнасы қазіргі уақытта өшірілген. Оған құқық қорғау органдарына шағым жазылған.

Риддер ғана емес, басқа қалалар мен аудандардағы жұртшылық пен зооқорғаушылар полицияның бұл жағдайды мұқият тексеріп, мұндай әрекеттерге тосқауыл қоюын талап етіп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті аталған жайт бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Аталған факт бойынша 17 жастағы жасөспірім анықталып, ата-анасымен бірге полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр. Жасөспіріммен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қолданыстағы заңнама нормалары мен мүмкін құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік түсіндірілді. Материал әрі қарай қарау және тиісті шара қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады", – делінген ШҚО ПД хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар