Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мыңжылқы Бердіқожаевпен бірге бір мемлекетте өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын!". Желі қолданушысы қазаққа белгілі дәрігер жайлы жазды

09:00, 04 сәуір 2026

Желі қолданушысы белгілі дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев жайлы жазды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Белгілі дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың YouTube платформасындағы сұхбаттары жайлы пікір тарады. Оның кәсіби қызметімен қатар, қарапайымдылығы мен кішіпейілдігі көпшіліктің назарын аударып жатыр.

Белгілі дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев ағамыздың ютубтағы бар сұхбатын тауысып тастадым. Қаншама игі істер атқарып жатса да топырақ мінез, сынықтығынан айнымағаны қатты таңқалдырды?! Неде болса осындай нар тұлғалы азаматтармен бір заманда, бір ашық аспан астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын! - деп жазды желі қолданушысы. 

Сонымен қатар, кейбір азаматтар нақты өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, дәрігердің қатысуымен жасалған күрделі оталардың сәтті өткенін атап өткен. 

Желі қолданушылары арасында дәрігерге алғыс білдіріп, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілегендер көп. Сондай-ақ, оны мемлекеттік марапаттарға ұсыну туралы ұсыныстар да айтылған.

Жалпы, пікірлерге сүйенсек, Мыңжылқы Бердіқожаевтың еңбегі халық тарапынан жоғары бағаланып, сенім мен құрметке ие болған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026