Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мына жердің барлығын түгелдей қазды”: Атырауда екі адамның мәйіті қай жерден табылғаны белгілі болды (ВИДЕО)

14:32, 10 наурыз 2026

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қанды оқиға жайлы тың дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында жаңа деректерді жариялады.


“Полиция әлі ресми ақпарат берген жоқ. Бірақ білесіздер, бейресми ақпарат пен ресми ақпараттар бізде 100 пайыз сәйкес келіп жатады. Енді мынау күдіктілердің жалдап тұрған үйі. Осының іргесі мына үймен мына бағаның арасы - дәл осы жерден марқұмдардың денесі табылды дейді. Дәл осы жер бұған дейін қазылған.

Дәл кеше қазылды деп айта алмаймыз. Өйткені күні кеше қазылғанға ұқсамайды. Білесіздер 8 қаңтар күні мына жердің барлығын түгелдей қазды. Енді осы жерден Мирамгүл мен Наурыздың мәйіті табылды деп жатыр. Енді қазір ақпараттың нақты анық-қанығын қосымша айтамыз”,- деді журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар