Көрілім жинау мен халық араласында "өтімді болуды" көздеп, Мұқағали Мақатаевты "сорлы еркекке" теңеген Алишер Теменов есімді қолданушы "өзінің де қазақтың бір ұлы екенін" айтып кешірім сұрады, Alash.kz ұлттық порталы.
Жаздым, жаңылдым. Тентек болсам да мен де бір қазақтың ұлымын, ағайын. Кешірім сұраймын! - деді қолданушы.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Алишер Теменов есімді қолданушы танымалдық пен көрілім жинаудың жеңіл жолын іздеп, Мұқағали Мақатаевты "қорламақ болды".
Алишер Теменов есімді қолданушы қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевты "сорлы еркекке" теңеді.
Мұқағали Мақатаев шағым айта беретін сорлы еркек болады ғой. Сондай болған, - деп даурықты қолданушы.