Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мұқағали Мақатаевты “сорлы еркек, бл**” деп балағаттаған мына надандыққа шара қолдану керек!" - ақын министрге талап қойды

20:35, 04 қазан 2024 893
Ақын, тележүргізуші Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желіде  танымалдық пен көрілім жинаудың жеңіл жолын іздеп, Мұқағали Мақатаевты "қорламақ болған" Алишер Теменов есімді қолданушыны жазалауды талап етті. Ол Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінен қолданушыны жазалауды сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
 
 
Құрметті Aida Balayeva ханым!
Ақын Мұқағали Мақатаевты “сорлы еркек, бл**” деп балағаттаған мына бассыздыққа, көргенсіздікке, топастыққа, надандыққа шара қолдануыңызды сұраймын!
 
МҰҚАҒАЛИ - ұлттың ұжданы. МҰҚАҒАЛИ - қазақ әдебиетін зау биікке көтерген тау тұлғалы ақыны. МҰҚАҒАЛИ - қазақтың жүрегі, қазақтың өзі! Өзінің кәсібі, атағы үшін ұлттың ұлы тұлғасына тіл тигізген, оны мансұқтаған, балағаттаған мына өресіз жазасыз қалмауы тиіс! Айыбын мойындап, кешірім сұрауын талап етемін! Сізді ел мәдениетіне жауапты министр әрі руханияттың жанашыры деп білемін. Сондықтан мына ұятсыздық елеусіз қалмауы керек деп есептеймін! - деді ақын.
 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Алишер Теменов есімді қолданушы танымалдық пен көрілім жинаудың жеңіл жолын іздеп, Мұқағали Мақатаевты "қорламақ болды". 

Алишер Теменов есімді қолданушы қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевты "сорлы еркекке" теңеді.

Мұқағали Мақатаев шағым айта беретін сорлы еркек болады ғой. Сондай болған, - деп даурықты қолданушы. 

Кейіннен көрілім жинау мен халық араласында "өтімді болуды" көздеп, Мұқағали Мақатаевты "сорлы еркекке" теңеген Алишер Теменов есімді қолданушы "өзінің де қазақтың бір ұлы екенін" айтып кешірім сұрады.

Жаздым, жаңылдым. Тентек болсам да мен де бір қазақтың ұлымын, ағайын. Кешірім сұраймын!  - деді қолданушы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар