Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мүгедектігі бар өгей қыздарын зорлап, ВИЧ жұқтырған»: Павлодардағы оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

17:50, 20 қазан 2026

Павлодарда өгей қыздарын зорлап, оларға АИТВ (ВИЧ) ауруын жұқтырған ер адамға қатысты сот процесі аяқталып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Павлодар қаласының турғыны 2018 жылдан бастап екі қызы бар әйелмен бірге отбасы болып тұрып келген. Бұл ретте қос бойжеткеннің де дамуы кешеуілдегені (денсаулығында ерекшелігі бар) белгілі.

Сұмдық оқиға 2025 жылы орын алған. Сол күні әйел адам екі қызын өгей әкесінің қарауына қалдырып, өз шаруаларымен сыртқа шығып кетеді. Жалғыз қалған ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, өгей қыздарына зорлық-зомбылық көрсеткен. Көп ұзамай бұл азаматтың АИТВ (ВИЧ) инфекциясын тасымалдаушы екені және бұл қатерлі дертті екі қызға да жұқтырғаны анықталды.

Атышулы әрі ауыр қылмыстық істі қараған Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жанна Нығыбаева сотталушыға қатысты кесімді үкімді былайша жариялады:

«Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4 және 5-бөліктері бойынша, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады, бұл жаза өмір бойы мұғалімдік лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Жаза төтенше жағдайдағы қауіпсіздік жүйесінің түзеу мекемесінде өтелсін», – деп мәлімдеді судья.

Осылайша, қорғаусыз қалған қыздарға зорлық көрсетіп, өмірлеріне балта шапқан қылмыскер заң бойынша ең ауыр жазасын алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар