Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мүгедек болып ақша аламын деп жалған құжат жасатқан". Қазақстанда 160-тан аса адам "құрдан-құр" ақша алып жатпақ болған

20:56, 05 мамыр 2026

Қазақстанда мүгедектікті рәсімдеу кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.

Министрлік жүргізген талдау нәтижесінде қолдан жасалған белгілері бар 167 дерек тіркелген. Тексеру барысында дәрігерлердің кей жағдайда бірдей мазмұндағы медициналық қорытындыларды әртүрлі пациенттерге пайдаланғаны белгілі болған.

Атап айтқанда, зертханалық талдау нәтижелері, анамнез және мамандардың қорытындылары толық сәйкес келетін құжаттар анықталған. Мұндай жағдайларда тек пациенттердің жеке деректері мен тексеру күндері ғана өзгертіліп, негізгі мазмұны өзгеріссіз қалдырылған.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жайттар жүйелі сипаттағы заңбұзушылықтардың бар екенін көрсетеді.

Аталған материалдардың барлығы құқық қорғау органдарына, соның ішінде прокуратура мен экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне жолданды.

Сонымен қатар аумақтық департаменттерге қайта бақылау куәландыруларын жүргізу тапсырылды. Қазіргі уақытта олардың 73-і орындалған.

Күмәнді жағдайлар бойынша әлеуметтік төлемдер уақытша тоқтатылды. Егер заңбұзушылықтар расталса, мүгедектік тағайындау туралы бұрын қабылданған шешімдер қайта қаралады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар