Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің жартысынан астамы өз пәні бойынша тестілеуден сәтсіз өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова QAIMAQ YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
«Мен мұғалімдерге өз пәнін оқытудың мүлдем қажеті жоқ деп санаймын. Егер мұғалім, мысалы, өзін биологпын деп атайтын болса, онда өз пәні бойынша білетінін-білмейтініне өзі жауап береді. Бұл – мемлекеттің, әкімдіктің немесе курстың емес, тікелей мұғалімнің міндеті», - деді депутат.
Ол көп жылдық мемлекеттік біліктілікті арттыру бағдарламаларына қарамастан, педагогтарды дайындау мен олардың кәсіби деңгейін көтеру саласында жүйелі мәселелер бар екенін атап өтті.