Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауында болғанын және берілген тапсырмалар туралы мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Министрдің айтуынша, кездесу барысында білім беру саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланған.
«Президенттің қабылдауынан шықтым. Қабылдау жақсы өтті. Мемлекет басшысының білім саласына қатысты берілген тапсырмалары мен жүктеген міндеттері туралы сөйлестік.
Негізі, нақты берілген тапсырманы айтсам, Президент мұғалімдерді қорғау туралы және аттестация мәселесін жеңілдетуге байланысты тапсырма берді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Айта кетейік, бұл тапсырмалар білім беру жүйесіндегі мұғалімдердің құқықтарын қорғау мен олардың кәсіби бағалау рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.