Моңғолияның Улан-Батор қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнир 10 қараша күні басталған дода 19 қарашаға дейін жалғасады, Alash.kz ұлттық порталы.
Жарысқа 13, 15, 17 жасқа дейінгі Моңғолия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан елдерінің спортшылары (офлайн/онлайн) қатысуда. Жарысты Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесіп өткізуде.
Айта кетейік, тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер құрама командасының іссапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Спорты дамыту қоры демеушілік қолдау көрсетеді.