Моңғолияның Ұлы Хуралы (ұлы құрылтай – Парламент) тарихи заң қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Inbusiness.kz порталының хабарлауынша, Моңғолиядағы ресми құжат айналымы моңғолдың дәстүрлі жазбасына көшіріледі.
"2025 жылғы 1 қаңтарда Моңғол тілі туралы заңының жаңа ережелерінің бірі қолданысқа енгізілді. Тиісті заңды ел Парламенті 2015 жылы қабылдаған болатын. Ол бойынша биылдан елде, алдымен ресми құжат айналымында қос әліпби пайдаланыла бастайды. Бұлар – кириллица және дәстүрлі моңғол жазбасы", – деп хабарлады моңғолдың "Монцамэ" жаңалықтар агенттігі.
Жергілікті ақпарат құралдарының түсіндіруінше, моңғол тілі туралы заңына сәйкес, тарихтың тереңінен тамыр тартқан дәстүрлі ұлттық әліпби кириллицаны біртіндеп ауыстырады деп күтіліп отыр.